Қоғамдық ұйымдар. Қазақстандағы қоғамдық сектор тек қана орыс
тілінде күн көруде. Қоғамдық ұйымдарды қаржымен қамтитын, тапсырыс
жасайтын донорлық және халықаралық ұйымдардың барлығы дерлік тек қана
орыс және ағылшын тілдерінде қатынас жасайды. Ішінара кейбіреуі ғана
конкурстарды қазақша хабарлағаны болмаса, негізгі шаралардың барлығы
дерлік орысша өтеді, қазақтілді тілмаш тартылмайды. Бұл жәйт қоғамдық
сектормен қатынас жасауға тиісті мемлекеттік органдар тарапынан
бақылауға алынбайды. Нәтижесінде елде қазақтілді азаматтардың белсенімі
енжар, қоғамдық-саяси және әлеуметтік шаралар мен науқандардан тыс,
азаматтық құқықтарын талап ету мүмкіндігі төмен, қоғамдық-әлеуметтік
ақпаратпен қамту жоқтың қасы. Қоғамдық үдерістен тілдік орта арқылы
шеттетілген қазақтілді азаматтар өз тұрғысын талап ететіндей қоғам
мүшесі болып қалыптаспауда...