Төле би
XVIII ғасырдағы ұлы тұлғаның бірі – Үйсін Төле би. Ол Әз
Тәукенің тұсында «Жеті жарғы» атты заң жобасын жасаған қоғам
қайраткері, ел ағасы. Төле Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының
Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс,
одан Жарылқамыс, Жарылқамыстан Жанту би, одан Жайылмыс би, одан
Құдайберді би («Тоғыз ұлды Құдайберді» деп те аталады). Сол тоғыз ұлдың
бірі Әлібектен Төле би туады. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын
ашады. Арабша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз, хисса-хикаяларды көп
оқиды. Бір жағынан қазақтың аңыз-әңгіме, өлең-жырларын,
шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, әсіресе өзінің бабалары Жанту,
Жарылқамыс билердің кесімді, тапқыр, өнегелі нақыл, шешен сөздерін
ойында сақтап өседі...