|
Л. Уайт мәдениеттi жеке адамға және адамзат қоғамына тәуелсiз, дамудың
iшкi логикасына ғана бағынатын объективтi бiлiм ретiнде қарастырады. Ол
мәдениетте ұйымдасқан тұтас жүйедегiдей 3 қосалқы жүйенi белгiлеп
көрсетедi: - біріншісі (технологиялық ) адамның табиғатпен өзара
қатынасын, оның техникалық құралдары мен еңбек құралдарын, тұрғын үй
типтерін және т.б. қолдануын сипаттайды; - екінші (ресми)
қоғамдық қатынастар мен оларға сай мінез–құлық типтерінен, туыстық
жүйелерден, экономикалық, саяси, әскери, эстетикалық және т.б.
қатынастардан тұрады; - үшіншісі (идеологиялық) идеялардан, сенімнен, дәстүрден, әртүрлі білім түрлерінен құралады...
|