Қазақ елініњ оқу мен өнерді үйренуініњ
аса қажет екенін насихаттап, халық тарихына, ел-жұрттыњ тұрмыс жаѓдайына
баса назар аударѓан , сонымен бірге арѓы - бергі хандарымыздың өмірбаянына үњіліп,
бізге шама-шарқынша жеткізген зиялы
ақындарымыздыњ бірі – Шәді Жәњгірұлы. Ақын
1855 жылы Оњтүстік Қазақстан облысыныњ Созақ жерінде д‰ниеге
келген . 1861 жылы Тоғыз жасында Шәдіні әкесі ауыл молдасына дәріс алсын деп
береді . Зерек , алғырлығымен Шәді хат танып шығады. Келер жылы әкесі Шәдіні
Шаян мешітінің молдасына береді . Осында оқып жүріп Щәді өз бетінше қисса,
хикаяларын оқуға дағдыланады.1864 жылы Шәді Шымкенттегі Абдолла Шәріп дейтін
ғұламадан дәріс алып , араб- парсы тілдерін меңгереді . 13 жасар баланың
қабілетін таныған Шәріп оған «1001 түн» , «Тотынама» , «Шахнама» сияқты ертегілерін үнемі айтып ,
оқып беріп отырған .
Ақын үлкенді-кішілі 18
дастан, поэма, қисса–хикая, бірсыпыра өлең-жыр жазып бастырған. Шәді өз
шығармаларын көбіне XIX ғасырдың 80-90
жылдары , әсіресе XX ғасырдың алғашқы он
жылдарында жазған. Шәді көбіне хикаялармен , дастан жазады. Өйткені, жасынан
шығыс классиктерін оқып, солардан сусындаған
таланттың шығармашылығы – дастандар еді. Олар: «Хикаят Орка - Күлше»,
«Хикаят Қамарзаман», «Тарихат», (Абылай хан жайында дастан ) , «Назым сияр
Шәриф» , «Тарихнама» т.б. /2.210-211...